17-18 қазан күндері Астанада «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы astanaforum.kz хабарлады.
Форумға Қырғыз Республикасы, Израиль, Иран, Австрия, Испания, Швейцария, Үндістан, Аргентина, Ливан, АҚШ, Франция, Грузия, Украина, Ресей, Германия елдерінің өкілдері қатысады.
Конференция барысында Рухани келісім күніне арналған концерт ұйымдастырылады.