Бүгін – Дүниежүзілік пошта күні. Осыған орай «Таңшолпанға» «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Алтын Садықова қонаққа келді.
«Қазпоштаның» терең тарихы бар. Біздің Қазақстан поштасы 1860 жылы Верный қаласында алғашқы байланыс бөлімшесі ашылды. Кейін ол дами келе, үлкен телеграф кеңсесіне айналды. Біздің ұжымда 21 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Осы төл мерекемізге орай біз жыл сайын үздік шыққан қызметкерлерді марапаттаймыз. Сонымен қатар, «Ұзақ адал еңбегі үшін», «Құрметті байланысшы» деген марапттарға да ұсынамыз»,-дейді Алтын Садықова.
«Бүгінде ғаламтор желісі көп қолданылатындықтан, хат жазатындар саны азайып кетті. Бірақ, сол ғаламтор арқылы тапсырыс жасайтындардың қандай да бір тауарды сатып алатындар көп. Осыған орай біз Алматыда тұңғыш рет постаматтарды енгіздік.
Постамат – бұл сәлемдемені алу және жеткізу. Ол қалай пайдаланылады? Мысалы, сіз ғаламторда белгілі бір затқа тапсырыс бердіңіз. Оны алу үшін байланыс бөлімшесінің индексін емес, постаматтың индексін көрсетесіз. Сол постаматтан сіздің ұялы телефоныңызға хабарлама арқылы код келеді. Бұдан соң сіз сол кодты постматқа енгізесіз де, жөнелтілген затты аласыз».
Сіз хат жазу өнерін білесіз бе? Егер жіберген сәлемдемеңіз жетпей қалса, қандай шара қолданылады? Бұл сауалдардың жауабын сұхбаттың толық нұсқасынан біле аласыздар.