Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қызылорда облысында «Бейбітшілік және келісім жол картасы» аясында «Сыр елі - достық мекені» достық керуені шілде мен тамыз айларында кең ауқымды бағдарламамен облыстың барлық ауданында болды.
Достық керуеннің құрамындағы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері өздерінің бағдарламаларымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысымен айналысатын «Аккорд окан» мердігерлік мекемесінің жұмысшыларын қуантты.
Қармақшы ауданы, ІІІ интернационал ауылдық клубында жиналған көрермендерге аймақтағы белгілі әншілер, бишілер тобы мен этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.