Қ.Келімбетов: Теңге бағамы тұрақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Келімбетов: Теңге бағамы тұрақталады

07.10.2015
Қ.Келімбетов: Теңге бағамы тұрақталады

Еліміздегі доллар бағамы 270 теңгеден қатты өзгермеуі тиіс. Ұлттық банк төрағасы осылай деп мәлімдеді.  Қайрат Келімбетов теңгенің құнсыздануына жол берілмейтінін айтты. Себебі бүгінгі бағам Қазақстанның қазіргі экономикалық ахуалына  сай келеді.

Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында доллармен ипотека алғандарды  қолдайды. Осы мақсатта 15-16 миллиард теңге бөлінеді.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу