Елімізде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр.
Алдағы екі айда бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.
Осылайша, 1 574 отбасы жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайды.
Ал 2015 жылы 1 097 пәтерге арналған қалған үш тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.