Ризабек Айтмұқан еркін күрестен Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ризабек Айтмұқан еркін күрестен Әлем чемпионы атанды

19.09.2023

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Ризабек - еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Әлем чемпиондығына қол жеткізген азамат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады.

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен Әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін» , – деді Президент.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу