Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ардагерлермен кездесу өткізді. Бұл кездесу ШҚО-да бір аптаға созылған қариялар күнін тойлаудың соңғы шарасы болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда 213 мыңнан астам зейнеткер бар, олардың 515-і соғыс ардагері, сонымен қатар оларға теңестірілген 3 мыңнан астам адам және 30 мың тыл еңбеккерлері бар.
ШҚО қалалары мен аудандарында 15 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. 3000 адамға сол жерден арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.