Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды ағындардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын жауып, жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында түнде және Қостанай облыстарында күндіз тұман түсіп, жел күшейіп, секундына 15-22 метрге жетеді.
Ал Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түссе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20, күндіз 25 метрге дейін жетеді.