Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

07.10.2014
Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Мұхтар Жұмағазиев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Осыған дейін бұл қызметте болған Марат Тағымов ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына сайланғандықтан қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мұхтар Жұмағазиев ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешенінің даму мәселелерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, әскери-жұмылдыру жұмыстарын және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, қылмыспен күрес және т.б салаларға басшылық  ететін болады.

Мұхтар Жұмағазиев 1956 жылы туған. Алматы мал дәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша,  Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылдан Ақтөбе облысы Қобда ауданының «Қобда» кеңшарының зоотехнигі болып бастаған.

Қобда, Қарғалы, Ойыл аудандарының әкімі,  облыстық Жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2011 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған. 

Хабарламаларға жазылу