2014 жылдың 3-4 қазанында елорданың «Астана Опера» сахнасында Ресейдің Санкт-Петербург қаласының әйгілі театры «Мариинканың» гастрольдік сапары өтті. Ресейлік театр көрермендер назарына Рихар Вагнердың «Нибелунг сақинасы» тетралогиясының «Рейн алтыны» және «Валькирия» қойылымдарын ұсынды.
Мариин театры – Ресейдің «Нибелунг сақинасы» тетралогиясының толық нұсқасын көрсететін бірден-бір театры. Бұл қойылымды Еуропа, АҚШ, Корея, Жапония, ендігі кезекте Қазақстан көрермендері де жоғары бағалады.
«Астана Операға» «Мариинканың» солистері, оркестрі, хоры, жалпы саны 200 адамнан тұратын ірі делегациясы келген болатын.
Қойылымның ерекше көнелтілген концепциясын Валерий Георгиев және Георгий Цыпин жазып, көрсетілімнің қоюшы режиссері – Юлия Певзнер.