Журналистер арасында үздік бейнесюжет байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында үздік бейнесюжет байқауы өтеді

03.10.2014
Журналистер арасында үздік бейнесюжет байқауы өтеді

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ журналистер арасында үздік телевизиялық сюжетті анықтау бойынша байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдай бастады. Бұл туралы банктің ресми сайты хабарлайды.

Байқауға 1-31 қазан аралығында республикалық және аймақтық телеарналарда дайындалған және шығарылған сюжеттер жіберіледі. Өтінімдер мен байқау жұмыстары 1-31 қазан аралығында қабылданады.

Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. I орын - 150 000 теңге, II орын – 100000 теңге, III орын – 50 000 теңге.

Хабарламаларға жазылу