Журналистер арасында шағын футболдан турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында шағын футболдан турнир өтеді

13.06.2017
Журналистер арасында шағын футболдан турнир өтеді

24 маусым  күні елордадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен шағын футболдан турнир өтеді.

Шара Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды elorda.info.

Турнирдің өтуіне Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы бастамашы болуда. Жеңімпаздар кубок, медаль, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.   

Еске сала кетейік, өткен жылы бұл тартысты ойында Қазақ радиосының командасы бірінші орынды иеленген болатын.  «Хабар» телеарнасы екінші орынды ұтып алған болса, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының командасы үшінші орында болды.

Хабарламаларға жазылу