Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепке 150 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепке 150 жыл толды

02.10.2014
Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепке 150 жыл толды

Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, фольклоршы, қоғам қайраткер. Ол қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Сондай-ақ, ол 1864 жылы алғашқы қазақ мектебін ашып, қазақ даласына білім шырағын жағу үшін бар өмірін сарп етті.

Биыл ұлы ағартушы ашқан мектепке 150 жыл толып отыр. Ыбырай ашқан алғашқы мектеп ғимараты іргетасынан қайта көтеріліп, бүгінде мұражайға айналған. Мұнда ағартушының жеке бұйымдары, ғалым қолданған қоңыраулар сақтаулы екен.

Ыбырай атындағы білім мекемелері Қазақстанда жүздеп саналады. Алайда, Торғайдағы тұңғыш мектептің орны бөлек. Ал, алғашқы мектеппен іргелес бой көтеріп, ұлы ағартушы атын алған қазақ орта мектебінде қазір 540 оқушы білім алуда, деп хабарлайды Қазақ радиосының мекшікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев.

«Ұлы ұстаз болашақтан үлкен үміт күтті. Сол үмітті біз ақтау керекпіз»,- дейді мектеп оқушылары.

 

Сурет: egemen.kz

Хабарламаларға жазылу