Бүгін Торғай мектебінің ашылғанына 150 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Торғай мектебінің ашылғанына 150 жыл толды

08.01.2014
Бүгін Торғай мектебінің ашылғанына 150 жыл толды
 
Ыбырай  Алтынсарин 1864 жылы 8-қаңтарда  Торғай мектебін ашқан.  Мектеп табалдырығын алғаш 14 қазақ баласы аттаған.
 
 «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға «қойға шапқан аш қасқырдай» қызу кірістім», – деп жазады Ы. Алтынсарин белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында.
 
«Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр», – дейді ол тағы бір хатында.
 
Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Хабарламаларға жазылу