Ахметжан Есімов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

02.10.2014
Ахметжан Есімов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Осыдан 10-20 жылдан соң Қазақстанда қандай ұрпақтың өмір сүретіні тікелей ұстаздарға байланысты.  Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ұстаздармен кездесуінде осылай, деді.

Ұстаздар күніне арналған шараға білім саласының ардагерлері, педагогтар, әдістемеліктер мен оқулықтар авторлары  келді.

Шара барысында сөз алған қала басшысы «ұстаз – тек білім-ғылымды үйретуші ғана емес, сонымен қатар, ол – адамгершілік дәнін себуші. Осыдан 10-20 жылдан соң Қазақстанда қандай ұрпақтың өмір сүретіні тікелей ұстаздарға байланысты. Сондықтан, білім беру ісіндегі маңызды кілт – бұл ұстаз»,- деді.

Қаланың білім беру жүйесінде 26 мыңнан астам адам  тер төгуде. «Алматы қаласында біз ұстаздар үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Биыл өз ісінің үздігі деп танылған 1000 ұстазға материалдық көмек ретінде 300 мың теңге көлемінде сыйақы берілді», - деді әкім.

Хабарламаларға жазылу