Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Президент өз өмірін қатерге тігіп, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерге алғыс айтты. «Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, үнемі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрсіздер. Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық. Сіздер алдағы уақытта да қызметтік борыштарыңызды мінсіз атқарып, ел алдындағы маңызды миссияны жалғастыра бересіздер деп сенемін»,-делінген Президенттің құттықтауында. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу