«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды

02.10.2014
«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды

Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпанда» қонақта болды.

Кеше ғана Рудный қаласынан гастрольдік сапардан келген әнші: «Тек Рудный емес, Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларында да концерт қойып қайттық.  Солтүстіке алғашқы қадамымыз болғаннан кейін, қалай болар екен, деген ой болды. Бірақ, халық өте жылы қабылдады. Ендігі сапар - Қарағанды»,-дейді.

Жақында әпкесі  Роза Әлқожамен бірігіп «Әпке» атты әнге бейнебаян түсірген Әбдіжаппар: «Бұл – әпке мен іні арасындағы диалог. Қалжың әңгіме ретінде түсірілді. Ән авторы – Розаның өзі. Идея - менікі»,-дейді.

«Басқа бауырларыма қарағанда, Роза әпкем мені көп еркелетеді. Мүмкін үйдің еркесі, мүмкін сенім артқандықтан болар. Бір өнерде жүргеннен кейін әпке мен іні арасында үйлесім бар»,-дейді әнші.

Әбдіжаппар тек әнші ғана емес, ол сонымен қатар, жора-жолдастарына пародия салумен де айналысады.  Еркін Нұржанов пен Әлішер Кәрімовке салған пародиясын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу