Әнші Қанат Үмбетов «Таңшолпанда» қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Қанат Үмбетов «Таңшолпанда» қонақта болды

09.07.2014
Әнші Қанат Үмбетов «Таңшолпанда» қонақта болды

Жақында «Мазаламайын» атты әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап жүрген әншінің шығармашылығында жаңалық көп.

«Жаңадан ашылған студияда қызмет ететін мамандарды Ташкенттен арнайы шақырттық. Барлық қажетті құрал-жабдықтар кәсіби. Біз тек Алматының әншілерімен ғана емес, сонымен қатар, тұтас Қазақстанның әншілерімен де қарым-қатынас орнатсақ деген жоспарымыз бар»,-дейді әнші.

«Мені халық Тоқтар Серіковтің шәкірті ретінде таниды. Ол кісіден алдымен, адам болуды үйрендім. Одан бөлек, сахна мәдениеті, ән таңдай білу, әннің сөзіне қалай көңіл бөлу керек, осының бәрін үйрендім».

«Ендігі жоспар – қыркүйек айында Сырым Исабаевпен бірігіп, Қазақстанның шалғай елді мекендерін араламақпыз. Халық бар деген жердің бәрін қамтуды мақсат етіп отырмыз»,-деп жоспарымен бөлісті әнші.

Хабарламаларға жазылу