Чемпиондар лигасы. ПСЖ футболшылары «Барселонаны» ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы. ПСЖ футболшылары «Барселонаны» ұтты

01.10.2014
Чемпиондар лигасы. ПСЖ футболшылары «Барселонаны» ұтты

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы Чемпиондар Лигасының топтық матчында испаниялық «Барселонаны» ұтты. Парижде өткен F тобындағы ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Алаң иелерінің сапынан Давид Луис (10-шы минут), Марко Верратти (26) және Блез Матюиди (54) көзге түссе, қонақтардан  Лионель Месси (12) мен Неймар (56) мергендік танытты.

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Хави Чемпиондар Лигасында өткізген ойындар саны бойынша бірінші орынға шықты. Каталондық команданың капитаны ең басты еурокубок турнирінде 143 матч өткізген.

Екінші орында - испаниялық «Реал» мен германиялық «Шальке» командасының бұрынғы шабуылшысы  Рауль (142 матч). «Реал» қақпашысы  Икер Касильяс (141) үшінші сатыда тұр.

ПСЖ келесі ойынын 21 қазанда сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ-мен өткізеді. Ал, бұл маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған «Барселона» нидерландтық «Аяксті» қабылдайды.

Қалған ойындардың нәтижелері:

Е тобы

ЦСКА (Ресей) – «Бавария» (Германия) - 0:1

«Манчестер Сити» (Англия) – «Рома» (Италия) - 1:1

F тобы

АПОЭЛ (Кипр) – «Аякс» (Нидерланд) - 1:1

G тобы

«Спортинг» (Португалия) – «Челси» (Англия) - 0:1

«Шальке» (Германия) – «Марибор» (Словения) - 1:1

Н тобы

«Шахтер» (Украина) – «Порту» (Португалия) - 2:2

БАТЭ (Беларусь) – «Атлетик» (Испания) - 2:1

 

Фото: © EPA/YOAN VALAT

Хабарламаларға жазылу