Қазақстанда тәулік сайын мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлім етті.
Оның айтуынша, елімізде күн сайын 1 мыңнан астам, ал жылына 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді.
Сондай-ақ, соңғы 1 жылда елімізде бала туу көрсеткіші 25 пайызға өскен.