Павлодарлық скрипкашы Меруерт Карменова Италияда өткен «Родольфо Липицер сыйлығы» атты скрипкашылардың 33-халықаралық байқауына қатысып, «Байқаудың ең жас финалисті» атты арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды облыстық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы.
Халықаралық байқаулардың лауреаты атанған Меруерт Мәскеу мемлекеттік консерваториясының III курсында білім алуда. Аталмыш шараға Еуропа, Америка, Азияның 17 мемлекетінен келген ең үздік скрипкашылар қатысты. Аса күрделі үш турдан соң финалға өткен алты скрипкашының ішінде Меруерт те болды.