Қазақстанның басым бөлігінде бүгін атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерде жауынды болады, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарында кей жерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетсе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Ал, Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, күн күркірейді.
Қостанай облысында түнде және күндіз кей жерде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.
Республиканың батысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.