АПЛ. Ливерпуль дербиі – «Қазақстан» Ұлттық арнасында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АПЛ. Ливерпуль дербиі – «Қазақстан» Ұлттық арнасында

27.09.2014
АПЛ. Ливерпуль дербиі – «Қазақстан» Ұлттық арнасында

«Ливерпуль» Ағылшын Премьер-Лигасындағы соңғы 11 кездесудің тек біреуінде ғана қақпасына гол өткізбеді.

Ал «Эвертон» командасы осы маусымда өткен 5 турда 13 гол өткізді. Алайда бұл қонақта ойнаған соңғы 8 матчында 5 қана гол өткізіп, тіпті 4 ойында өз қақпасын «құрғақ» күйде сақтаған.

«Энфилд» стадионында өткен соңғы 15 дербиде «Ливерпуль» бірде бір рет жеңілмеген.

«Ливерпуль» жартылай қорғаушы Джордан Хендерсон мен Филиппе Коутиньонің команда сапына қосылуы мүмкін. Алайда, Даниэль Старридж жарақатынан айықса да, тек қосалқы құрамада қалады. Сонымен қатар, Глен Джонсон, Джон Фланаган, Эмре Кан мен Джо Аллен әлі емделуде.

«Эвертон» қорғаушысы Симус Коулменді басына алған жарақаты мазалауда, сондықтан ол бүгінгі кездесуге қатыспауы мүмкін. Ал, жарақат алған Росс Баркли мен Арун Коне алаңға нақты шықпайды.

Хабарламаларға жазылу