Қазақстанда үлескерлік құрылыстың шарттары күшейтіледі. Заң жобасында екі жаңа құрылым қарастырылған.
Ол бойынша:
- Құрылысты салуға ниет білдірген тұлға міндетті түрде жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алуы тиіс;
- Құрылыс жүргізетін аумақ (жер )жекеменшік немесе жалға алынған болуы керек;
- Жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамамен мақұлдануы тиіс.
Бірінші құрылым бойынша: құрылыстың нөлдік циклы жеке қаражатқа салынады. Банктен несиелеу және инжинирингтік компанияны таңдау туралы мақұлдама алынады. Бұл ретте үлескердің төлемі құрылысты жүргізушінің арнайы шотына аударылады. Ол қаражат инжинирингтік компанияның актісінен кейін жұмсалады.
Екінші құрылым бойынша: құрылысты салушы тұрғын үйдің қаңқасын өз қаражатына тұрғызады. Бұл жағдайда үлескердің ақшасы мақсатсыз жұмсалса, ижинирингтік компания барлық операцияны тоқтата алады.
Инжинирингтік компания өз кезегінде құрылыстың жүруін қадағалап, тексеріс жүргізіп отырады.
Заң жобасы бойынша:
- Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске;
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңға;
- «Рұқсат беру және хабарламалар туралы» Заңға;
- «Жарнама туралы» Заңға,
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі.