Қазақстанда антитеррорлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда антитеррорлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

11.12.2019

Қазақстанда қауіпті нысандардағы антитеррорлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Алихан Смаилов айтты. Басты мақсат — коммерциялық емес секторды терроризмді қаржыландыру тетігіне айналудан қорғау. Мәселен, қайырымдылық ұйымдары, діни бірлестіктер еріктілерден қаржы жинайды. Ал оның қандай бөлігі қайда жұмсалғанын жасырып қалу өте оңай. Осы ретте ведомствоаралық кеңес құру ұсынылды. Ол терроризмді қаржыландыруы мүмкін шараларды саралап, анықталған олқылықтар бойынша жұмыс істейтін болады.

 Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу