Google компаниясы Жердегі «кедей» аймақтарға жедел интернетті жеткізу үшін 2015 жылы алғашқы рет әуе шарын ұшырмақ.
Project Loon жобасын Google бірнеше жыл бойы жетілдіріп келеді. Жоба Google X зертханасы шеңберінде жүргізіледі. Сондай-ақ, мұнда Google Glass көзілдірігі мен жүргізушісіз басқарылатын көліктер де өңделуде.
Project Loon жетекшісі Астро Теллер EmTech конференциясында алғашқы аэростаттар 2015 жылы ұшырылатынын мәлімдеді.
Интернет жүйесі жергілікті интернет-провайдерлер арқылы әуеде басқарылатын болады. Әуе шарлары 40 шақырымға дейін сымсыз интернетті жеткізуге қауқарлы. Аэростаттар 20 километр биіктікте орналасады. Олар коммерциялық авиалайнерге кедергі келтірмейді, деп хабарлайды lenta.ru.
Google бұған дейін технологияны бірнеше рет Жаңа Зеландияда, Бразилияда, АҚШ-та тестілеуден өткізген. Тест нәтижесі бойынша компания Бразилияда әуе антенналары арқылы интернет жылдамдығы секундына 22 мегабит, сматрфондар секундына 5 мегабитке жеткенін хабарлады.