Интернет туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет туралы қызықты деректер

02.01.2016
Интернет туралы қызықты деректер

2015 жылы тұрғындар интернет-дүкендер арқылы 1,5 триллион АҚШ долларын жұмсаған.

Ең алғашқы веб-камера Кембридж университетінде қофеқайнатқышты бақылау үшін ғана орнатылған.

Ал, «Youtube»-ке ең бірінші қойылған бейнежазбаның аты «Мен зообақтамын» деп аталады.

1995 жылы алғаш рет Интернетте сату жүйесі іске қосылды. Алғаш болып, amazon.com сайтынан кітап сатып алынды.

«Google» іздеуіш жүйесінің атауы «Гугол» (100 нөлі бар) санынан шыққан. Алайда, Ларри Пейдж пен Сергей Брин доменді тіркеу кезінде қате жіберіп, «Googol» сөзінің орнына «Google» деп тіркеп қойған. Кейін, қате нұсқасы өздеріне қатты ұнағандықтан, солай қалдырған.

SPAM сөзі 1936 жылы пайда болған. Ол консервіленген ащы шошқа етінің атауы еді. Соғыс жылдарында мерзімі өткен бұл өнімді сату үшін түрлі беймаза жарнамалар жарық көрген екен. Осылайша, спам сөзі жалпылама қолданыла бастаған.

Ең алғаш тіркелген интернет домен - sуmbоlісs.соm.

Хабарламаларға жазылу