Қазақ радиосынан «Қыз Жібекті» тыңдаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосынан «Қыз Жібекті» тыңдаңыз

24.09.2014
Қазақ радиосынан «Қыз Жібекті» тыңдаңыз

«Қыз Жібек» - қазақтың көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. Жыр аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған деседі. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек, бірін-бірі сүйген ғашықтар. Алғаш шамамен ХVІІ ғасырда жазылған.

Лиро-эпостық дастан негізінен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен (Төлегеннің інісі) қосылғаны баяндалады.

«Қыз Жібек» қазіргі мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, жырды жатқа біліп, келешек ұрпаққа аманаттайтын жыршылар бүгінде сирек.

Қазақ радиосының «Алтын қорынан» сағат 01:00-де «Қыз Жібек» дастанын тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу