Қазақ радиосынан Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін тыңдаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосынан Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін тыңдаңыз

26.01.2015
Қазақ радиосынан Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін тыңдаңыз

28 қаңтардан бастап, Қазақ радиосының әуе толқынында ІІ Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің радионұсқасы эфирге шығады.

37 бөлімнен тұратын жобаны сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 19:10-да тыңдай аласыздар.

«Ұшқан ұя» повесінде - ұлттық идея, ұлттық болмыс, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып –бәрі-бәрі әр кейіпкердің мінезі, сөзі, қимыл-әрекеті арқылы көз алдымызға келеді. Осы қазақы мінез ұлтына, жасына, дініне қарамастан  Қазақстанның әрбір тұрғынын бауырмалдық пен  туыстыққа, сыйластыққа шақырады.

Айта кетейік, жобаның орыс тіліндегі «Наша семья» атты радионұсқасы да көп ұзамай Қазақ радиосының әуе толқынында эфирге шықпақ.

Жоба жетекшісі - Махат Садық. Мәтінін оқыған - Аманжан Еңсебайұлы.

Хабарламаларға жазылу