Қазақстан мен Сауд Арабиясының дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл! Осы айтулы күнге орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа құттықтау жеделхатын жолдады. «Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/193150/)