Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді.
«Дәстүрлі және әлемдік діндердің конфессия өкілдерімен жан-жақты талқылау барысында 2015 жылдың маусым айында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезін өткізу туралы шешім қабылданды», - дейді вице-министр.
Съезд тақырыбы - «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің диалогы».
Вице-министрдің айтуынша, Съездің барлық секциясының тақырыбы бекітіліп, соған сай келесі Хатшылықты өткізу уақыты анықталды.
«Хатшылықтың 14-ші отырысы 2015 жылдың 9-маусымында өткізіледі. Дайындық жұмыстары басталып кетті, енді жұмыс тобы іске кіріседі», - деді М.Әзілханов.
strategy2050.kz