Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды

20.09.2014
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды

Бүгін Астана әкімдігінің алдындағы алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды. Шараға Қазақстанның өңірлерінің тауар өндірушілері қатысады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан басқа жәрмеңкеге Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те келді.

Биыл Алматы облысының 19 ауданы мен қаласының фермерлері өз өнімдерін әкелді. Оның ішінде Жетісу өңірі 50-ден астам өнім түрін ұсынып отыр.

Жәрмеңкеде ұсынылып жатқан өнімдер базар бағасынан 10-20 пайыз төмен.

Еске салайық, жәрмеңкелер қараша айына дейін әр сенбі сайын қалалық алаңда өтетін болады.

Хабарламаларға жазылу