Павлодарда аялдамалар Wi-Fi желісімен жабдықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда аялдамалар Wi-Fi желісімен жабдықталмақ

19.09.2014
Павлодарда аялдамалар Wi-Fi желісімен жабдықталмақ

Павлодар қаласы Естай көшесі бойындағы «Диагностикалық орталық» аялдамасы тегін Wi-Fi желісі және бейнекамерамен жабдықталды, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Автобус аялдамасын жетілдіруді павлодарлық кәсіпкерлердің бірі ұсынған.

Алдағы уақытта демеушінің қаражатына аялдаманың қабырғалары жаңа кейіпке еніп, жарықтандыру құралдары орнатылмақ.

«Қалада  мұндай аялдамалардың қатары арта түспек. Кәсіпкер аялдамалардың барлығын заман талабына сай жабдықтауды жоспарлап отыр», делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламаларға жазылу