«Алматы-Талдықорған» бағытындағы жол еуропалық деңгейде салынуда.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.
«Бүгінде Алматы облысында «Алматы-Талдықорған» жолы еуропалық деңгейде салынуда. Оның 118 шақырымы алты жолақты, ал, қалған бөлігі «1-А» санатындағы 4 жолақты жол болады. Бұдан бөлек, «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» дәлізінің жұмысы да қарқынды түрде жүруде», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы уақытта Үлкен алматылық айналма автокөлік жолы бойынша жұмыстар қолға алынатынын жеткізді.
ҚазАқпарат