«Астана-Алматы» тасжолы 2020 жылға дейін ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Алматы» тасжолы 2020 жылға дейін ақылы болады

16.06.2016
«Астана-Алматы» тасжолы 2020 жылға дейін ақылы болады

2020 жылға дейін «Астана-Алматы» автомагистралінде көлік қозғалысы ақылы болмақ. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайрамбек Бармақов мәлім етті.

"Астана -Алматы"  жолы төрт жолақты, бірінші санатта салынады. Соған сәйкес ол өте жайлы болады. Биылдан бастап Қарағандыдан Алматыға дейінгі құрылысты бастаймыз», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ол.

Сонымен қатар ол таяу жылдары ішінде «Алматы-Қорғас», «Астана-Атбасар», «Шымкент-Тараз» және «Шымкент-Қызылорда» автожолдарында жүруге ақы алу жоспарланып отырғандығын айтты.

Бұған дейін «Астана-Теміртау», «Алматы-Талдықорған» және «Алматы-Қорғас» автомагистральдарының құрылысы осы жылдың ішінде аяқталатындығы хабарланған еді.

Оның түсіндіруінше, ақы алу жүйесін енгізу автомобиль жолдарына келетін шығынды өтеу қаржысы ретінде енгізіледі.

«Ағымдағы жылы жоспарлау басталады. Соған сәйкес, жоба дайын болғаннан кейін оны бірден жүзеге асыру басталады», - деді С.Бармақов.

Комитет төрағасы орынбасарының мәліметтерінше, 2020 жылға дейін Қазақстанда ұзындығы 7 мың шақырым автомобиль жолын ақылы негізге көшіру жоспарланып отыр.

«Ақылы жолдарды (2020 жылға дейін) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде, «Астана-Алматы», «Астана-Павлодар-Өскемен», «Астана - Петропавл - РФ шекарасы» учаскелерінде енгізу жоспарлануда», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін алынатын ақыны көтеру мәселесі талқыланған емес.

«Жеңіл автомобильдер үшін 1 шақырымға 1 теңге, жүк көліктерінен 1 шақырымға 20 теңге алынады. Баға сол күйінде қалады. Болашақта, жолдар пайдалануға берілгеннен кейін сәйкесінше шешімдер қабылданады», - деді С.Бармақов. 

Хабарламаларға жазылу