Павлодарда салынып жатқан мектептің темір жақтаулары опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда салынып жатқан мектептің темір жақтаулары опырылып түсті

18.09.2014
Павлодарда салынып жатқан мектептің темір жақтаулары опырылып түсті

Павлодар қаласындағы Аменгелді-Ворушин көшелерінің қиылысында салынып жатқан мектеп төбесінің темір жақтаулары опырылып түсті.

«Жақтаулардың бір тұсына шамадан тыс салмақ түскен болуы керек. Соның салдарынан 40 шаршы метрге жуық аумақ зақымдалған. Арнайы комиссия құрылып, мәселе анықталады. Жапа шеккендер жоқ», - деді оқиға орнына жедел жеткен «АтлантисПВ» ЖШС-нің техникалық қадағалау сарапшысы Қалы Жылмажанов.

Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер компания өз есебінен жүзеге асырады.

 Аталмыш білім ордасы 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін салынуы тиіс. Мектеп 1200 орынға лайықталған.

saryarka-samaly.kz

Хабарламаларға жазылу