Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып түсті

05.04.2022

Солтүстік Қазақстандағы Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылындағы мектеп-гимназияның төбесі опырылып түсті. Оқиға күндіз болған.

Эльмира Кәленова, тілші:
«Оқыс оқиға сабақ аяқталған сәтте болғандықтан, зардап шеккендер жоқ», – дейді білім басқармасындағылар. Нақтырақ айтар болсақ, мектепке жапсарлас салынған АКТ залының төбесі опырылып түскен. Арнайы комиссия құрылды. Апаттың себебі анықталмақ. Алдын-ала болжам бойынша, ғимараттың іргетасы тозған. Тоқшын мектеп-гимназиясында 300-ге жуық оқушы бар. Олар бүгіннен бастап қашықтан білім алып жатыр. Балалардың дәстүрлі оқу форматына қашан оралатыны белгісіз.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу