2015 жылдың аяғына дейін ҚТЖ жүрдек пойыздарға 200-ден астам жаңа вагон алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылдың аяғына дейін ҚТЖ жүрдек пойыздарға 200-ден астам жаңа вагон алады

18.09.2014
2015 жылдың аяғына дейін ҚТЖ жүрдек пойыздарға 200-ден астам жаңа вагон алады

2016 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы жүрдек пойыздар үшін 200-ден астам вагон алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылдың аяғына дейін 325 жолаушылар вагондары алынады, оның ішінде 224-і «Тұлпар-Тальго» зауытының вагондары. Жалпы 2010-2020 жылдар аралығында 1,5 мыңнан астам жаңа жолаушылар вагондары сатып алынады»,-делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін жолаушылар тасымалы үшін 475 дана жылжымалы жаңа құрам пайдалануға алынды, оның 212-сі «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагоны, 150 вагон ТМД зауаттарынан шыққан, тағы 75-і қала маңында қатынайтын жылжымалы құрам.

Биыл теміржол желісіне 62 жаңа жолаушылар вагоны шықты. Бұның 52-сі Тверь вагон құрылысы зауытынан жеткізілсе, 10-ы отандық «Тұлпар-Тальго» зауытынан шықты.

Хабарламаларға жазылу