2019 жылға дейін 200 мың автокөлік шығару жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылға дейін 200 мың автокөлік шығару жоспарланған

09.10.2014
2019 жылға дейін 200 мың автокөлік шығару жоспарланған

Индустрияландырудың екінші бес жылдығының аяғына дейін 200 мың автокөлік шығару межеленіп отыр. Ал, бірінші бес жылдықта Президент жүктеген барлық міндет толығымен орындалды.

Бұл туралы бүгін басталған Қазақстан машина жасаушыларының  форумында айтылды. Бірінші бес жылдықта бұл салаға қажетті  инфрақұрылым жасақталып, жылына 180 мың дана автокөлік шығарыла бастады.

Ендігі меже 2015-2019 жылдар аралығында бұл көрсеткішті 200 мыңға дейін жеткізу. Жоспарды орындау үшін мемлекет қазір 100-ден астам көмек құралын қарастырған.

Халықаралық форум аясында бірқатар меморандумға қол қойылады. Бүгін ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ және тау-кен саласындағы машина жасаушылардың отырыстары болды.

Ал, ертең  Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен форумның пленарлық отырысы өтеді деп жоспарланған.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму  жөніндегі министрдің орынбасары:

Бұл салдағы мемлекет ұсынып отырған жаңа көмектің бірі -субсидиялау. Яғни, белгілі бір жобаға 20 миллион доллардан астам инвестиция салып, өндірістік қуатқа шыққан жағдайда, мемлекет салған инвестицияның 30 пайызын қайтарып береді. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу