«Таңшолпанда» - жазушы-драматург Роза Мұқанова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - жазушы-драматург Роза Мұқанова

16.09.2014
«Таңшолпанда» - жазушы-драматург Роза Мұқанова

«Таңшолпанның» бүгінгі қонағы – жазушы-драматург Роза Мұқанова. Жақында Қазақ Өнер университетінде жазушының 50 жылдық мерейтойына орай кеш өтпек.

«Мен Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде қызмет етемін. Сол оқу ордасында  50 жылдық мерейтойыма орай, кеш өтпек.  Онда «Шатыр астындағы мен» деген спектаклім қойылады. Кеште менің жолдастарым, жақындарым қонақ болады», дейді Роза Мұқанова.

«Туған ауылға жиі барамын. Ауылда өскендіктен, туған өлкеге деген сағыныш тұрады. Ауылға жыл салып, барып-қайтқан кезде сергіп, өткен-кеткенге ой жүгіртіп, балалық шақтың кейбір сәттерін еске түсіріп, бір сәт бала болып қайтатын кездерім болады»,-дейді жазушы.

Жазушының әңгімелерін, драмалық хикаяттарын оқырман қауым жақсы біледі. Ал қазіргі шығармашылығындағы жаңалықпен бөліскен қаламгер: «Мені қазіргі қазақ жастарының мәселесі ойлантады. Бүгінгі жастардың болашағы, жетістіктері, жаңа мүмкіндіктері, проблемалары да бар. Осы жағы мені қатты ойлантады. Өйткені, театрға көп келетін жастардың іздеген тақырыбы аясынан шықсам, солардың көңілінен шықсам деген арман бар»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу