«Нұр Отан» партиясының қолдауымен аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтті. Турнирде Қарағанды облысынан келген Мейірхан Жолдасұлы жеңімпаз атанды. Бақторы атты жүйрігімен ол мәреге бірінші болып жетіп, 10 миллион теңгеге ие болды.
Астана қаласына жақын Қабанбай батыр ауылы жанында болған аламан бәйгеге еліміздің 14 облысының және Астана мен Алматы қалаларының бапкерлері ат қосып, жүйріктер 43 шақырымдық қашықтықта сыналды. Мәре сызығын алғашқы болып кескен тоғыз атқа жүлде берілді.
Республикалық «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің қорытындысы:
№ |
Шабандоз |
№ |
Тұлпардың есімі |
Облысы |
Жүлде |
1. |
Мейірхан Жолдасұлы |
75 |
Бақторы |
Қарағанды |
10 млн теңге |
2. |
Жеңіс Сүлейменқұлов |
33 |
Рабат |
Оңтүстік Қазақстан |
5 млн теңге |
3. |
Еркебұлан Ермағанбетов |
87 |
Бекторы |
Қарағанды |
2,5 млн теңге |
4. |
Азамат Айтжанов |
115 |
Айтұмар |
Жамбыл |
1,5 млн теңге |
5. |
Әлібек Жұмабек |
7 |
Кұланкөк |
Алматы |
1 млн теңге |
6. |
Ермек Қасен |
15 |
Албанар |
Алматы |
750 мың теңге |
7. |
Асхат Мұратхан |
31 |
Ален |
Оңтүстік Қазақстан |
500 мың теңге |
8. |
Айдар Жайдар |
111 |
Көк қасқа |
Жамбыл |
300 мың теңге |
9. |
Наурыз Қайырғалиев |
47 |
Бойтұмар |
Ақтөбе |
150 мың тенге |
Турнир аясында «Ат сыншысы» байқауы да өткізілді. «Жүйрік атты жазбай тану - ата-бабаларымыздан мұраға қалған үлкен өнер, дәстүр», - дейді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.
Бұл байқауда «Толыбай сыншы» атағын Алтынбай Тышқанбаев, Бердалы Аташев, Жазыбек Халиолла, Бауыржан Айтмағамбетов, Сансызбай Даулетбеков, Алмас Құлтасов, «Күреңбай сыншы» атағын Құдайберлі Мырзабеков, «Кейхауыс сыншы» атағын Қаділ Елемесов иеленді.