Toyota Camry 75 автокөлігі жеңімпазға табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Toyota Camry 75 автокөлігі жеңімпазға табысталды

15.07.2021

Футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында «Olimpbet» компаниясы ұтысқа қойған автокөліктердің бірі алматылық тұрғынға бұйырды. «Еуро Драйв» акциясына қатысып, күтпеген жерден олжалы болған Юрий Золотарев бүгін су жаңа Toyota camry 75 маркалы темір тұлпарын автосалоннан рәсімдеп, мініп кетті. Ол кәрі құрлық көз тіккен доп додасы басталғанда сайт арқылы ұтысқа қатысып, Италия құрамасына жанкүйерлік танытқан. Алайда ұтысқа ие боламын деп мүлдем ойламадым дейді. Дегенмен, чемпионаттың орта тұсына келгенде оған компания мамандары хабарласып, автокөлікке ие болғанын хабарлаған. Бұл жаңалыққа алғашында мән бермегенімен, кейін көлікті өзінің атына рәсімдеп, кілтін табыстауға шақырғанда, сенбеске амалым қалмады дейді жеңімпаз.

Юрий Золотарев, жеңімпаз:
Мен бұған дейін осындай ұтыс ойындарына, оған қатысқандар жеңіске жететініне мүлдем сенбейтінмін. Енді бағалы сыйлыққа ие болғаннан кейін, ешқандай күмәнсіз барлығы рас екендігіне көзім жетті. Төбем көкке екі елі жетпей тұр. Отбасым мен жақындарым шексіз қуанып жатыр. Мен сияқты талай адам «Olimpbet» компаниясының арқасында жеңімпаз атанып, армандары орындалып жатыр. Оларды шын жүректен құттықтаймын. Кез келген адамның бағы жануы мүмкін. Сондықтан, ұтысқа сеніңіздер! Баршаңызға тек жеңіс тілеймін.

Бұл – акция басталғалы ұтысқа қойылып, иесін тапқан бесінші автокөлік. Бұған дейін дәл осындай су жаңа темір тұлпарлардың кілті жеңімпаздарға салтанатты түрде табысталған. Ал алдағы апталарда ұтысқа қатысып, бағы жанған тағы екі адамға Lexus RX 300 және Lexus LX 57" автокөліктері сыйға тартылмақ. Бұдан бөлек, смартфондар, ақшалай сыйлықтар мен өзге де түрлі бағалы заттар ойнатылып жатыр. Естеріңізге салайық, жуырда аяқталған EURO 2020 чемпионатының ойындары Ұлттық арна эфирінен осы «Olimpbet» компаниясының демеушілігімен көрсетілген болатын.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу