«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияда қазақ жастарының құрылтайы өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияда қазақ жастарының құрылтайы өтеді (ВИДЕО)

21.09.2015
«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен   Ұлыбританияда қазақ жастарының құрылтайы өтеді (ВИДЕО)

Шетелде оқып жатқан қазақ жастарының басын біріктіретін бастамашыл ұйымдардың бірегейі - осы жылдың наурыз айында құрылған «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігі.

20-дан астам елде 50 мыңға жуық мүшесі бар бірлестіктің бүгінгі тыныс-тіршілігі қарқынды.

«Мақсатымыз - шетелдегі қазақ жастарына әлеуметтік, ақпараттық қолдау көрсету», дейді ұйым өкілі Балнұр Есенкелдиева.

Оның айтуынша, қазан айында шетелдегі қазақстандық студенттер арасында күрестен «Болашақ барысы» атты турнир өткізілмек. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де түрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады.

Қытайда 12 мың, Кореяда 10 мыңға жуық қазақ жастары білім алуда. «ҚазАльянс» қызметкерлері әсіресе, осы елдегі жастармен тығыз байланыста. Олар ай сайын кездесулер өткізіп, түрлі мәселелердің шешімін бірлесіп табуға тырысады. Студенттердің ата-аналарымен де үнемі байланыста.

Алдағы желтоқсанда ұйым Ұлыбританияда қазақ жастарының құрылтайын өткізуді жоспарлауда. Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу