Астана маңындағы Қабанбай батыр ауылындағы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мәресіне жетті. Бас жүлдені Қарағанды облысының шабандозы Мейірхан Жолдасұлы жеңіп алды. Екінші орынды оңтүстікқазақстандық Жеңіс Сүлейменқұлов иеленді. Үшінші орын Қарағанды облысының тағы бір өкілі Еркебұлан Ермағанбетовке бұйырды. Жүлде мәре сызығын кескен алғашқы 9 тұлпарға бұйырды.