«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі 51 шақырымға дейін ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі 51 шақырымға дейін ұзартылды

29.07.2015
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі 51 шақырымға дейін ұзартылды

Басқосуда ҚР Ұлттық спорт түрлерi қауымдастығының президентi Бекболат Тiлеухан мәлiмдеме жасады.

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін  «Алтын тұлпар» ІІ республикалық аламан бәйгесінің арақашықтығы 43 шақырымнан 51 шақырымға дейiн ұзартылды.

«Былтырғы 43 шақырымда «жылқының тынысы дұрыс ашылмай қалды» деген секілді, басқа да мәселелерді ескере келе, биыл арақашқтықты 51 шақырымға дейін ұзартуға тоқтадық», - дедi Б.Тiлеухан.

Биылғы республикалық турнирге 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан 10 сәйгүлiктен, яғни, бәйгеге кемiнде 160 ат қатысады, деп күтiлуде.

Хабарламаларға жазылу