3-4 қазанда Қазақстанға Ресейдің Мариинский театры келеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Рихард Вагнердің «Нибелунг сақинасы» тетралогиясы ұсынылады.
Спектакль толық нұсқада Мариинский театрында ғана қойылады. «Астана Опера» сахнасында «Рейн алтыны» мен «Валькирия» атты екі бөлігі ұсынылмақ. Режиссері - Юлия Певзнер.
Көркем, декорациясы бай қызықты ертегі-тәмсіл Вотанның отбасы, нибелунгтар және алыптар туралы баяндайды.
Билет бағасы 500-ден 12 000 теңгеге дейін.
astana.gov.kz