2015 жылы Ақтауда 20 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл туралы қалалық мәслихат комиссиясының кеңейтілген отырысында белгілі болды.
«20 баспананы күрделі жөндеуден өткізу үшін 1 миллиард 250 миллион теңге көлемінде қаражат қажет. Келесі жылы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа қаражат бөлінеді деп күтудеміз», - деді «Ақтау Тұрғын үй» ЖШС арнайы өкілетті ұйымның директоры Саят Елесбай.
Еске сала кетейік, биыл қалада жалпы сомасы 650 миллион теңгеге 10 пәтерлі үйде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.
ҚазАқпарат