Талай ғасыр өтсе де, жақсы сақталған пирамидалардың сыры неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талай ғасыр өтсе де, жақсы сақталған пирамидалардың сыры неде?

11.09.2014
Талай ғасыр өтсе де, жақсы сақталған пирамидалардың сыры неде?

Талай ғасыр өтсе де, ежелгі  қалпын сақтап тұрған пирамидалардың біз білмейтін қандай сыры бар? Осынау алып тастарды адамдар қалайша көтерген? Пирамидалардың адам қолымен салынғаны рас па?

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы сұрақтар кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. Осыншалық алып пирамиданы адамның салуы мүмкін емес, деп күмәнданғандар да бар. Біреулері жындар салған болуы ықтимал десе, енді бірі Жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі, дейді. Ал бәзбіреулер мұндай кереметті өзге ғаламшардан келгендер салған деген болжамдарын ұсынуда.

Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі де салған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған суретші Пейдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды.

1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанымен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына да жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы адамзат тарихындағы жеті кереметтің бірі.

Хеопс пирамидасының ерекшеліктері мен құпиясы  туралы толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу