Үздік айтыстардан үзінділер көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік айтыстардан үзінділер көріңіз

16.08.2015
Үздік айтыстардан үзінділер көріңіз

Айтыс өлеңдерін халықтың сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында сақтап, бүгінге  жекізуі, әуелгіде, ақындардың талантын қадір  тұтуы болса, екіншіден, сол ел, ру мәртебесін қорғаған айтыскерлердің өлең-жырларын кейінгі ұрпақтың патриоттық сезімін оятудың құралы деп санаған.

Ертеде өткен ақындар айтысының дүлділі Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. халық елдің ар-намысын қорғаушылар деп санаған.

Бүгінгі айтыскерлер еліміздің  жетістіктерін, жерімізді мекендеген ұлыстар  арасындағы достықты, қоғамдағы келеңсіз жайттарды да  негізгі тақырыпқа қоса жырлайды.

Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақталған айтыс өнерінің ең ұтымды сәттерін бүгін сағат 12:30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу