Бүгін Астанада ТМД елдері армиялары арасында табельдік қарудан ату және офицерлік үшсайыстан ашық чемпионат басталады.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара мақсаты - Достастық мемлекеттерінің Қарулы Күштері арасындағы байланысты нығайту және әскери қызметкерлер арасындағы бұқаралық спортты дамыту.
Жарыс 13-қыркүйекке дейін жалғасады.